
Azattyq – Азаттық
June 11, 2025 at 07:16 AM
*Orda басылымы қысымға шағымданды*
Редакцияның жарты жылдан бері қысымға ұшырап жатқаны туралы жазба 11 маусымда басылымның желідегі парақшаларында жарияланды.
> “Қызметкерлеріміздің мекенжайына өздерін полицей ретінде таныстырған адамдар барады, көршілерінен сұрайды, фотороботтарды көрсетіп, журналист “іздеуде жүр” деп айтады. Қызметкерлердің жеке деректері мен телефон нөмірлері интимдік қызмет көрсететін шетелдік сервистерге және ит-мысық сататын және арзанға техника сататын хабарландыруларға орналастырылып жатыр. Әлеуметтік желілерде журналистеріміздің суреттері мен деректері бар фейк аккаунттар ашылып жатыр. Олардың атынан жалған ақпараттар, атап айтқанда бас редактордың қайтыс болғаны жайлы ақпарат жарияланады” деп жазылған редакция хабарламасында.
Бұған қоса, редакция өкілдері Орданың желідегі аккаунттары бұғатталып, қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасалғанын да айтты.
Айтуларынша, бас редактордан “Орданың” кеңсесін “тәуелсіз БАҚ орналасқан бірыңғай орталыққа” көшіруді де талап еткен. Бірақ редакция одан бас тартқан. Онда нақты кім талап еткені айтылмайды.
Басылым өкілдері “Орданы” тартып алу талпынысы да байқалғанын атап өтті. Олар жақын арада полицияға шағымданатынын айтты.
Бұған дейін Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева да өзіне қарсы ақпараттық шабуылға шағымданған еді.
😮
🇰🇿
❤️
➡️
🇵🇼
🙏
🤬
🪿
🫡
13