Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 11, 2025 at 10:44 AM
Петропавлда мәслихат депутаттарының шешімімен жаңа “Бірлік” ықшам ауданындағы 28 көшеге ат берілді деп жазды “Петропавловск.news” сайты. Ресми хабарламаға қарағанда, көшелерге “географиялық, мәдени, ұлттық құндылықтар мен бірлікті” сипаттайтын атаулар берілген. Тізімде Кеңдала, Бастау, Ақсай, Атамекен, Ботай, Көкжар, Тұран, Жетісу, Ақжайлау, Аламан, Мирас, Мерейлі, Қазына, Дәстүр, Шаттық, Арман, Байтақ, Ырыс, Медеу, Ортақ, Азаттық, Жайлы, Серуен, Бәйтерек, Домбыралы, Шапағат, Келешек, Алатау бар. Бұған қоса, көшелерге Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан азаматтардың аттары да берілмек. Ақпаратқа қарағанда, "Бірлікке" су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындары қоныстанбақ
👍 ❤️ 🇰🇿 🐺 🇵🇼 🎉 👌 🙏 51

Comments