
Azattyq – Азаттық
June 12, 2025 at 11:42 AM
*Адвокат: аштық жариялаған Элвира Еркебаева есінен танып қалды*
Батыс Қазақстан облысында “бұрынғы күйеуін өлтірмек болды” деп айыпталған Эльвира Еркебаева аштықтың төртінші күні есінен танып қалды. Оған жедел жәрдем шақыртылды. Бұл жөнінде оның адвокаты Тамара Сәрсенова хабарлады.
“Тамшы қойғаннан кейін қайта есін жиды” деді адвокаты Тамара Сарсенова. Оның сөзінен “Уральская неделя” үзінді келтіреді.
Еркебаева өзіне қозғалған қылмыстық іске қарсылық білдіріп, аштық жариялаған. Ол өзін үйқамаққа жіберуді талап етіп отыр. Бұған қоса, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, өзінің ісіне назар аударуды сұраған.
Адвокатының сөзінше, Еркебаева аштық жариялағаннан кейін оны 1,5x2 метрлік терезесіз карцерге қамаған. Адвокаты оның жағдайы онан сайын ушыға ма деп қорқады.
😮
👍
🇰🇿
😡
❤️
😢
🐺
🙏
26