
Azattyq – Азаттық
June 13, 2025 at 06:39 AM
*Вашингтонда Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесті*
Қазақстан СІМ хабарлауынша, тараптар “саяси және экономикалық өзара іс-қимыл, энергетика, сауда, логистика сияқты екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты” пікір алмасқан.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, екі жақ АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтардың жағдайын да талқылаған.
АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Марко Рубио кездесу кезінде АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен территориялық тұтастығын қолдайтынын айтқан. Тараптар “екі жақты сауда мен инвестиция”, Қазақстандағы америкалық компаниялардың жайын талқылаған.
> “АҚШ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, C5+1 дипломатиялық платформасы арқылы аймақтық интеграцияны ілгерілету және өзара тиімді коммерциялық мүмкіндіктерді, әсіресе технология мен маңызды пайдалы қазбалар секторын зерттеу үшін Қазақстанмен жұмысты жалғастыруға ниетті”
деп жазылған АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарламасында.
👍
🇰🇿
❓
🇺🇸
🐷
😂
🙏
🤡
20