
Azattyq – Азаттық
June 13, 2025 at 07:13 AM
*Қазақстандық ұшақтар Иран мен Ирактың әуе кеңістігін айналып ұшпақ*
Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылуына байланысты Air Astana мен FlyArystan-ның тұрақты және чартерлік рейстерінің бағыты өзгертіледі.
“Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға баратын рейстер Иран мен Ирактың әуе кеңістігін айналып өтеді” деп хабарлады Air Astana.
Әуе компаниясы ұшу мен қону уақыты өзгеруі мүмкін болғандықтан жолаушылардан рейстердің статусын алдын ала тексеруді сұрады.

👍
🇰🇿
😮
🐺
🫃
14