
Azattyq – Азаттық
June 13, 2025 at 09:20 AM
*Адвокат: Марат Жыланбаев тағы аштық жариялады*
Адвокат Мейіржан Досқараевтың айтуынша, 11 маусымда түрмеден Марат Жыланбаев хабарласып, 15 күннен бері аштық жариялап жатқанын жеткізген. Адвокаттың сөзінше, Степногорск түрмесінде ол осымен 10-аштық жариялап отыр.
> “Сол бұрынғы талап. Оған жүгіруге, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Заңсыз сотталуына да [қарсылық білдіріп отыр]. Ол тәртіптік изоляторда тұтастай оқшауланған. Оған мүлде хат-хабар жетпейді. Ол биыл бірде-бір хат алмаған. Бір-екі газет алған, ешқандай журнал келмеген. Яғни, ол өзінің қарапайым конституциялық құқықтарынан айырылған” деді адвокат.
Оның сөзінше, бірнеше күн бұрын қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Жыланбаевты қабылдағаннан кейін оған адвокатына хабарласуға және түрме ішіндегі терминал арқылы шағым түсіруге рұқсат берген. Адвокатының сөзінше, қазір Жыланбаевтың денсаулығы орташа.
Азаттық әзірге түрме әкімшілігінен жауап ала алмады.
Бұған дейін қылмыстық атқару жүйесі комитеті құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға жіберген ресми жауабында Жыланбаев “толық деңгейде хат-хабар жеткізіліп” отырғанын айтқан еді. Бірақ құқық қорғаушы жауапқа күмән келтірген.
😢
❤️
🇰🇿
👍
🤬
✊
❤
😂
🙏
23