Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 15, 2025 at 02:24 PM
*Павлодарлық белсенді Жанат Жамалиев бес күнге қамалды* Адвокат Мейіржан Досқараевтың сөзінше, 19 мамырда Жанат Жамалиев әкімдікке саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу шеруін өткізу жөнінде өтініш берген. Ол шеруді 31 мамырда өткізгісі келетінін айтқан. Әкімдікен шыққан соң ол Facebook-қа видеомен шығып, әкімдікке өтініш бергенін баяндаған. 26 мамырда әкімдік рұқсат бермеген. Ал 13 маусымда полиция өкілдері сол видео негізінде хаттама толтырған. 14 маусымда Екібастұз қалалық соты “бейбіт жиын өткізу” бабы бойынша оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамады. Сот кезінде белсенді айыппен келіскен жоқ. Ол видеода әкімдікке өтініш бергенін ғана хабарлағанын, ешкімді митингіге шақырғанын айтпағанын жеткізді. Адвокаты шешімді апелляцияға беретінін айтты. 31 мамырда Қазақстанда Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтілді. Осы күн қарсаңында белсенділер бірқатар қалаларда шеру және митинг өткізгісі келгенмен әкімдік рұқсат бермеген. 31 мамыр қарсаңында елде белсенділер ұсталып, кейбірі әкімшілік қамауға алынды.
😡 👎 😢 😮 🇰🇿 😂 🤬 🆓 🇵🇼 🕋 48

Comments