Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 16, 2025 at 04:55 AM
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранды бейбіт келісім жасауға шақырды > "Иран мен Израиль келісім жасауы керек, және олар келісімге келеді. Мен Үндістан мен Пәкістанды да, АҚШ-пен сауда қарым-қатынасын пайдалана отырып, ақыл-парасат, бірлік пен даналыққа мойынсұнып, дәл осылай келісімге келуге мәжбүр еттім, екі елдің көрнекті көшбасшылары тез шешім қабылдап, қақтығысты тоқтата алды", — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Бұған қоса Трамп Иран мен Израиль арасындағы жанжалды бейбіт жолмен реттеуге Ресей президенті Владимир Путин араағайын болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайтынын айтты. > "Ол дайын отыр. Бұл жөнінде маған телефон шалды. Екеуіміз бұл мәселені ұзақ талқыладық", — деді Трамп. Толығырақ: https://smarturl.click/oVlzn
😂 👎 🤡 🖕 ❤️ 🌎 👍 🤮 22

Comments