
Azattyq – Азаттық
June 16, 2025 at 05:02 AM
Үндістанда жолаушы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар саны 274 адамға жеткен, деп жазды NDTV телеарнасы.
Ұшақта болған 242 адамнан тек бір адам – 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш ғана аман қалған. Ұшақ құлаған Ахмадабаттағы медицина колледжі ғимаратында болған тағы 33 адам көз жұмған.
12 маусымда Үндістанның батысындағы Ахмедабад қаласындағы әуежайдан Лондонды бетке алып ұшқан Air India әуе компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner жолаушы ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған еді.
Толығырақ: https://smarturl.click/OLemD
😢
🙏
11