Azattyq – Азаттық
June 17, 2025 at 06:14 AM
🇪🇺🇷🇺 Еуропа одағының кеңесі Ресейге Қырымды аннексиялағаны үшін енгізілген санкциялардың мерзімін тағы бір жылға ұзартты.
> "Еуроодақ Ресей федерациясы Қырым мен Севастопольді заңсыз аннексиялап алғанын халықаралық құқықты бұзу деп қатаң айыптауды жалғастырады", – делінген баспасөз хабарламасында.
Ең алғаш рет 2014 жылдың маусымында енгізілген бұл шектеулер: аннексияланған Қырымда өндірілген өнімдерді Еуропа одағына шығаруға тыйым салады; Қырым аумағында инфрақұрылымдық немесе қаржылай инвестицияларға және туризм саласындағы қызметтерге тыйым салады.
Бұған қоса, белгілі бір тауарлар мен технологияларды Қырым компанияларына немесе Қырымда пайдалану үшін экспорттауға шектеу салынды. Бұл шектеулер, әсіресе, көлік және энергетика салаларына, сондай-ақ мұнай, газ және пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жұмыстарына қатысты енгізілді. Толығырақ: https://smarturl.click/3Q1qm
👍
❤️
🇵🇼
🌎
🐺
😮
🤲
13