Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 17, 2025 at 10:01 AM
❗ Канадаға "Үлкен жетілік" (G7) саммитіне барған АҚШ президенті Дональд Трамп жиын бітпей жатып кетуді ұйғарғанын Ақ үйдің ресми өкілі Кэролайн Левитт Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты деп түсіндірді. > "Президент Трамп Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты бүгін мемлекет басшыларымен кешкі астан кейін аттанады", – деп жазды Левитт Х әлеуметтік желісінде. Одан сәл бұрын прездиент Трамп Truth Social желісіндегі жазбасында жұртты Тегераннан кетуге үндеген болатын. > "Иран мен айтқан келісімге қол қоюы керек еді. <...> Қарапайым тілмен айтқанда, Иранда ядролық қару болмауы тиіс. Мен мұны бірнеше мәрте қайталап айттым! Тегераннан түгелдей дереу эвакуациялануы керек!" – деді АҚШ президенті. Алайда ол ешқандай нақты мәлімет келтірмеген. Толығырақ: https://smarturl.click/6WvQB
🤡 👍 🇵🇼 🌎 🖕 😎 10

Comments