Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 18, 2025 at 03:46 AM
*Иран мен Израиль бір-бірін атқылап жатыр* Иран ақпарат құралдарының жазуынша, Тегеран маңындағы зауыттан бөлек Израиль авиациясы Тегеранның шығысындағы ислам революциясы сақшылар корпусына мамандар даярлайтын әскери оқу орнына соққы жасаған. BBC-дің жазуынша, 18 маусымға қараған түні Израиль әскері Иранға жаңа соққы жөнінде мәлімдеді. Оның алдында ЦАХАЛ Тегаранның оңтүстік-батысындағы тұрғындарға эвакуациялау қажеттігін ескерткен. Ходжир әскери базасындағы ракета зауытына да шабуыл жасалғаны хабарланды. Иран да Израильге ракеталар жіберді. Израиль әскері бір сағат ішінде Иран әскері шамамен 25 ракета жібергенін хабарлады. Ислам революциясы сақшылар корпусы Тель-Авив тұрғындарына эвакуациялану қажеттігін ескертіп, Израиль “әуесін бақылауға алғанын” мәлімдеген.
Image from Azattyq – Азаттық: *Иран мен Израиль бір-бірін атқылап жатыр*  Иран ақпарат құралдарының ...
👍 🇮🇷 😎 🌎 😢 😮 🙏 🤲 27

Comments