Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 18, 2025 at 06:26 AM
*Айдос Садықовтың қазасына бір жыл: күдіктілер бостандықта, билік үнсіз* Журналистің қазасынан бері бір жыл өтсе де, күдіктілер ұсталмаған, Қазақстан билігі Садықовтың өліміне қатысты іс бойынша сұрақтарға біртекті жауап берумен келеді. Маусым айының басында Қазақстан бас прокуратурасы Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында "сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын, тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын" айтты. Украиналық адвокат Дмитрий Моргун мамыр айында "Бәсе" арнасына берген сұхбатында Украина жағы Қазақстанға бір жыл ішінде үш рет сұрау салғанын, Қазақстанның құзырлы органдары тиісті дәрежеде қимылдамай отырғанын айтқан. Үш сұраудың негізгісі былтыр желтоқсанда берілген. https://smarturl.click/7vE2e
😠 🥹 🇰🇿 👍 🔪 😎 😡 😢 😮 🙏 14

Comments