Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
June 19, 2025 at 07:47 AM
*Bloomberg: АҚШ билігі Иранға соққы жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін* Американың жоғары лауазымды шенеуніктері Иранға соққы жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін деп жазды мәселеден хабары бар дереккөздерге сүйенген Bloomberg. Кейбір дереккөздер соққы алдағы демалыс күндерге жоспарланған болуы ықтимал деді. Алайда жағдай жылдам дамып жатқандықтан жағдай өзгеруі мүмкін деп те мойындайды олар. Жуырда Wall Street Journal АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққы жасау жоспарын мақұлдағанмен оны орындауды кейінге шегерді деп жазған. Трамптың өзі Иранның ядролық нысандарына соққы жасау мүмкіндігі туралы журналистер сұрағына “мүмкін, жасармыз, мүмкін, жасамаймыз. Менің не істейтінімді ешкім білмейді” деп екіұшты жауап берген. Америка ақпарат құралдары алдағы бір-екі күнде бұл бойынша АҚШ-тың позициясы айқындалады деп жазды.
👍 😡 🤡 🌎 👎 👿 💵 😂 😭 🫣 15

Comments