Azattyq – Азаттық
June 19, 2025 at 09:53 AM
АҚШ мемлекеттік департаменті шетелдіктерге студенттік виза беруді қайта қалпына келтіреді. Бірақ өтініш иелерінің әлеуметтік желі аккаунттары ашық болуы керек. Бұл жөнінде Associated Press агенттігі жазды.
Жабық аккаунт тексерістен жалтару немесе онлайн-белсенділікті жасыру талпынысы ретінде қарастырылмақ. Консулдардың ішкі нұсқаулықтарында олар “АҚШ-тың азаматтары, мәдениеті, үкіметі, институттары немесе негізгі принциптерін жек көру белгілері” бар кез келген жайтқа назар аударуы керек деп жазылған.
Мамыр айында Трамп әкімшілігі студенттік визаға жазылуды тоқтатып, өтініш иелерінің әлеуметтік желідегі аккаунттарын тексеруді күшейтуді бұйырған еді.
😢
👹
🌎
😂
🙏
8