
Kaspi.kz
May 26, 2025 at 09:46 AM
Қазақстандық Kaspi.kz технологиялық компаниясы отандастарымыз мақтан тұтатын және бүкіл әлемдегі адамдар тамсанатын әйгілі қазақстандықтар туралы «Қазақстанда жасалған!» жаңа бейнежобасын бастайды. Алғашқы кейіпкер – аралас жекпе-жектен чемпион Шавкат Рахмонов.
Шавкат өміріндегі барлық жетістікке өз еңбегімен жетті. 16 жасында отбасына көмектесу үшін жүк тиеуші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде анасы төрт баламен Қарағандыда бір бөлмелі шағын пәтерде тұратын. Жас жігіт спортшы болуды армандайтын және ауыр жұмыс ауысымынан кейін күнде кешке жаттығуға баратын. Бүгінде Шавкат – ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және UFC -дегі аты аңызға айналған адам.
Шавкат Рахмонов, аралас жекпе-жек чемпионы:
«Мен үшін Қазақстанның туын көтеру үлкен абырой! Маған күш беретін – отбасым, халқым, отандастарымның қолдауы. Әрине, спорттағы әр жеңісім – үлкен еңбектің нәтижесі. Kaspi-дің көшбасшы болуы да, сондай орасан еңбектің нәтижесі. Kaspi алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады, адамдар үшін ыңғайлы сервистер жасайды. Ал мен халқымның рухын көтеріп, қазақстандықтарды өз жеңісіммен қуантып келемін. Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп!»
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
«Қазақстан – ерекше тарихы бар, таланттарға бай ел. Белгілі спортшылар, музыканттар, компаниялар Қазақстанның даңқын әлемге танытып жүр. Әр адам табысқа жету үшін көп күш-жігер жұмсап, аянбай еңбек етеді, сынақтардан сүрінбей өтіп, алға ұмтылады. Олар нағыз мықты тұлғалар, бірақ оларға бұдан да биік белестерді бағындыру үшін қолдау, махаббат, ынталандырушы күш қажет. Сондықтан біз осындай батырлар туралы көбірек айтуды жөн көрдік. Солардың бірі – Шавкат Рахмонов. «Бұл біздің бірегей спортшымыз, оны бәріміз мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта жеңіс тұғырынан түспеуін тілейміз!»
Шавкат Рахмонов – аты әлемге әйгілі атақты спортшы. Қазақстанда ел мақтанышына айналған тұлғалар көп. Kaspi.kz өз жобасының келесі серияларында олар туралы баяндайтын болады.
👍
🇰🇿
🖕
❤️
❤
🙏
🍆
🦁
🎀
😂
370