
Kaspi.kz
May 27, 2025 at 08:32 AM
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн супермаркетінің логистикалық орталығы үлгісінде цифрлық сауда саласындағы жаңа инфрақұрылымның дамуымен танысты. ШОБ-ты дамытудағы және жаңа жұмыс орындарын ашудағы e-commerce рөліне назар аударылды.
Қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясының басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе 2025 жылы Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн-супермаркетінде 800 мыңнан астам қазақстандық толықтай онлайн және жылдам жеткізу арқылы 5,3 миллион тапсырыс бергенін айтып өтті. Онлайн-супермаркеттің ассортиментінде 10 мыңнан астам тауар бар. Сатылымның 50%-дан астамы – Қазақстанда өндірілген азық-түлік.
Жобаға салынған инвестиция 53 миллиард теңгеден асты. 4500 жұмыс орны ашылды. Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн-супермаркеті еліміздің бюджетіне 5 миллиард теңге салық аударды.
«Онлайн-супермаркетті біз шамамен 3-4 жыл бұрын дамыта бастадық. Бұл Kaspi.kz қосымшасына толықтай енгізілген сервис және жүз пайыз онлайн жұмыс істейді. Азық-түлікті таңдап, 3 сағатта алуға, пікір қалдыруға болады. Осы сервисті пайдаланатын 10 клиенттің 9-ы өте жақсы баға береді. Біз сүйікті клиенттеріміздің пікірлері негізінде сервисті үнемі жақсартып отырамыз. Алматының өзінде бұл сервисті 200 мыңға жуық отбасы пайдаланады және оны жақсы көреді. Біз онлайн-супермаркетімізде сатылымның жартысын Қазақстанда өндірілген тауарлар құрайтынын ерекше мақтан тұтамыз», - деді Михаил Ломтадзе.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Kaspi.kz-тегі Magnum-ның алты логистикалық орталығы жұмыс істейді. Жалпы ауданы – 114 000 м2. 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбеде тағы төрт орталық ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Михаил Ломтадзе цифрлық қызмет көрсетуге арналған ең заманауи екі дата-орталыққа 14 миллиард теңге инвестиция салынғанын хабарлады. Қуаттылығы 5 МВт 250 баған секундына 10 мың транзакция өткізуге мүмкіндік береді және қазақстандықтарға үздік Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн-сервис ұсынудың негізі болып табылады.
👍
🖕
🇰🇿
❤️
😮
😂
🤣
😡
🙏
👎
470