Kaspi.kz
Kaspi.kz
June 10, 2025 at 01:40 PM
10 000-нан астам адам, жанды музыка мен мерекенің атмосферасы – OYU Fest 2025 осылай өтті. Kaspi.kz бас серіктес ретінде осы керемет шараға екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отыр. Фестиваль жас әртістерге өздерін таныстыруға көмектеседі әрі еліміздің музыкалық мәдениетін дамытады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған орындаушылар бір сахнада өнер көрсетті. Олардың арасында өз жолын жаңа бастаған әртістер де, аса танымал Alpha, KEZEŃ, DAIYNBALL, jeltoksan, dudeontheguitar, Shiza, 6ELLUCCI, Orynkhan да болды. Кештің шарықтау шегі – аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының сахнаға шығуы болды – жастар олармен бірге ән салып, нағыз тойдағыдай би биледі. Алматы тұрғындарымен қатар фестивальге басқа қалалардан, сондай-ақ Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Моңғолиядан, АҚШ пен басқа да елдерден қонақтар келді. 28 маусымда OYU Fest Елордада «Астана» гольф-клубында өтеді. Билеттер қазір Kaspi.kz-те қолжетімді.
👍 🇰🇿 🫃 ❤️ 🖕 🔞 😢 😂 😮 206

Comments