Qostanai_tany
Qostanai_tany
June 19, 2025 at 04:54 AM
Біз отбасымызбен медицина саласының мамандарымыз. Мен – реабилитолог, жолдасым, Арман Жақсылық – балалар хирургі. Өзіміздің жеке медициналық орталығымызды ашуды көптен бері армандап жүргенбіз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында арманымыз ақиқатқа айналды. 2020 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру үшін байқауға қатыстым. Байқау комиссиясының алдында Арқалық қаласында «Zhaksylyk» оңалту орталығын ашу туралы жобамды таныстырдым.Орталықта туа бітті немесе жүре пайда болған ауру түрі мен жарақаттар салдарынан мүгедектікке шалдыққан адамдардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге арналған медициналық, психологиялық, педагогикалық, кәсіби іс-шаралар кешені жүргізіледі. Ол кезде Арқалық қаласында мұндай медициналық мекеме мүлде жоқ-тын. Бірақ, мұндай қызметке тұрғындардың сұранысы жоғары еді. Біз ұсынған бизнес-идея қолдау тауып, мемлекет тарапынан 5 млн теңге көлемінде грант берілді. Бөлінген қаражатқа қызметтердің кең спектрін көрсету үшін модульдер жиынтығы бар аралас физиотерапия аппаратын сатып алдық. Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар: https://kostanaytany.kz/memlekettik-qoldaw-arqyly-ongaltw-ortalyghyn-ashtyq/

Comments