
Qostanai_tany
June 19, 2025 at 05:05 AM
«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау өтті. Қабылдауды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жүргізді.
Іс-шараға сондай-ақ партияның облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты.«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдаулары – бұл жергілікті тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап алуы үшін жасалып отырған тиімді алаң. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы сенімді арттырып, ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді», – деді Алмат Досмұхамедов.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан түрлі салаларға қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, республикалық деңгейде өтетін ұлттық-мәдени жобаларға қолдау көрсету, ауылдық елді мекендердегі мәдениет және білім беру нысандарының жағдайы, сондай-ақ колледждердегі кадрлық саясат пен еңбекақы жүйесіне байланысты ұсыныстар айтылды.
Атап айтқанда, «Аламан құрақ» атты ұлттық жобаның үшінші кезеңіне Қостанай өңірінен 15 қолөнер шеберінің қатысуы жоспарланған. Бұл бастама мәдени мұра мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Шеберлер жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қолдау сұрады.
Тағы бір өзекті мәселе – колледж оқытушыларының әлеуметтік жағдайына қатысты болды. Орта мектеп мұғалімдеріне қарағанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтер үшін магистр дәрежесі үшін үстемақының қарастырылмауы теңсіздік тудырып отырғаны айтылды.Осы мәселелер бойынша Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тиісті түсініктеме беріп, бірқатар сұрақтардың шешіміне қатысты нақты әрекеттер жасалып жатқанын атап өтті.«Көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынды. Бірқатары бойынша аудандық және қалалық әкімдіктерге нақты тапсырмалар берілді. Қолданыстағы заңнама мен мүмкіндіктер аясында қолдау көрсету жолдары қарастырылады. Әрбір өтініш бақылауға алынып, шешімі бойынша кері байланыс қамтамасыз етіледі», – деді Бақытжан Нарымбетов.