
Qazaqstan.tv
May 26, 2025 at 04:43 AM
🍈Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинады
Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары қауынның алғашқы өнімін мерзімінен бұрын жинады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, биыл егістікке суармалы су ерте берілді.
📌Бүгінгі таңда Жетісай ауданының диқандарына 12 578 гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 39,5 млн текше метр су жіберілген. Бұл алқаптарда негізінен бақша дақылдары өсіріледі.

👍
❤
❤️
🙏
🇰🇿
🕋
😮
🫃
🇹🇷
👌
60