Qazaqstan.tv
Qazaqstan.tv
May 29, 2025 at 05:29 AM
👶 Ақтөбелік 34 жастағы келіншек 12-баласын дүниеге әкелді Шалқар ауданында тұратын Айым Сүйеуқұлова 24 мамыр күні он екінші баласы — Мұхаммед-Әлиді өмірге әкелді. Салмағы — 3400 грамм. Ол 16 жасында тұрмысқа шыққан. Қазір күйеуімен бірге 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр. Отбасы аудан орталығында пәтер жалдап тұрады. 7 баласы мектепте, 2 бала балабақшада оқып жүр. 🏡 Жергілікті әкімдік отбасыға ауылға көшуді, үй мен мал беруді ұсынып отыр. Мақсат — бала саны азайған ауыл мектебін қолдау.
Image from Qazaqstan.tv: 👶 Ақтөбелік 34 жастағы келіншек 12-баласын дүниеге әкелді  Шалқар ауд...
👍 😮 🇰🇿 ❤️ 😱 😂 🤦‍♂ 🔥 🙏 150

Comments