Qazaqstan.tv
Qazaqstan.tv
June 9, 2025 at 07:35 AM
🏠 *Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі* Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. `«Сақтандыру 20 млн теңге шамасында және әкімшілік 10 млн теңге берді. Қосымша 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар баспана мәселесін шешіп береміз. Оны ресми түрде айтып отырмыз. Баспана мәселесі шешіледі», - деді қала әкімі Ақордада БАҚ өкілдеріне берген жауабында.` 📌 _Еске салсақ, өткен аптада автобус жол бойындағы бағанға соғылды. Қоғамдық көліктің алдыңғы жағында отырған 15 адам жарақат алған еді. Ал 8 жастағы қыздың аяғын ампутациялауға тура келді._
Image from Qazaqstan.tv: 🏠 *Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың отбасына басп...
😢 👍 😮 😭 ❤️ 😱 🥹 🙏 🖕 180

Comments