
Massaget.kz - Жаңалық пен пайдалы ақпараттар
June 18, 2025 at 09:05 AM
*Қазақстандағы ең қымбат пәтерлер қай қалаларда?*
Ең қымбат пәтер Алматы мен Астанада.
Алматыда жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр орташа есеппен 621,4 мың теңгеге жеткен. Бұл - жаңа үйдегі 50 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер 31 миллион теңге деген сөз.
Астанада жаңа тұрғын үйдегі осындай пәтерді 29,8 миллион теңгеге сатып алуға болады.
Сәуірде тұрғын үйдің орташа бағасы ең жоғары өңірлер рейтингіне Атырау, Шымкент және Семей кірген.
*Қай қалаларда арзан?*
Биыл көктемде өңірлер арасында Оралда (284,1 мың теңге), Ақтөбеде (289,7 мың), Көкшетауда (332 мың) жаңа пәтерлер мен үйлер арзан болған.
Massaget.kz
👍
😂
4